Біздің психологтардың жалғызбасты аналарды әлеуметтік-психологиялық қолдауы

2016 жылдың 13 және 27 ақпан аралығында «Психология» мамандығының 3-4 курс студенттері Алтынай Ясылова, Ларкиан Хусаинова, АйымАртыкпаева және Мария Шефер Қазақстандағы жалғызбасты аналарға әлеуметтік қолдау көрсететін «Ана үйі» орталықтың қатысушыларымен кезекті кездесулерін өткізді. Жас психологтар жас аналардың өзін өзі бағалауын дамыту үшін олардың күйзеліске қарсы тұруына, жаман әсерлерден қорғануына көмектесетін психологиялық тренингілерін өткізді. Сонымен қатар жас аналардың сұрауы бойынша студенттер олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсететін психологиялық тестілеуді өткізді. «Ана үйінде» өмір сүріп жатқан жас аналар психолог-студенттермен кездескеніне ризашылық сезімдерін білдіріп, психологиялық жаттығуларға белсене араласты. Жобаға қатысу болашақ психологтардың кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға көмектеседі. Жас аналардан алғыс сөздерін ала отырып, біздің психологтар кездесудің болашақ бағдарламалары мен тренингілерін үлкен жауапкершілікпен әзірлейді.  Мамандықтағы алғашқы қадамдарымен қанаттанған болашақ психологтар «Ана үйі» орталығына қатысты болашақта орындалатын екі бағдарлама әзірлеуде.