Экономика жоғары мектебі MULTISPACE коворкинг орталығымен бірге бос орындар жәрмеңкесін өткізді

2016 жылдың 27 сәуірінде КАЗГЮУ Университеті Экономика жоғары мектебінің Корпоративтік даму және мансап орталығы MULTISPACE коворкинг орталығымен бірге 300-ге жуық түлектер мен студенттерге арналған Бос орындар жәрмеңкесін табысты өткізді. Бұл шараға Астана қаласының жиырмадан астам ұйымы атсалысты.

Бос орындар жәрмеңкесі – бұл КАЗГЮУ Университетінің студенттері мен түлектеріне Қазақстанда жұмыс істейтін компаниялардың өкілдерімен танысу, олардың жетістіктері жайында білу, ақпараттық материал алу, өзі жайында айту және ең бастысы – таңдау жасау үшін берілген тамаша мүмкіндік.

КАЗГЮУ ЭЖМ Бос орындар жәрмеңкесін барлық бакалавриат түлектері үшін бұл шараның маңыздылығын белгілеп, Экономика жоғары мектебінің директоры Дильбар Гимранова бастады. Сөз соңында Дильбар Досмаилова мектеп түлектеріне өзінің ізгі тілектерін білдірді.

Содан кейін жәрмеңкенің негізгі бөлігі – жұмыс берушілердің түлектермен әңгімелесуі және түлектердің түйіндемелерімен танысу басталды. Жас ізденушілерге өзін таныстыру және жәрмеңкеге келген әлеуетті жұмыс берушілерді қызықтыру үшін орташа есеппен бір минуттай уақыт берілді.

Толық фото есеп мына жерде.