КАЗГЮУ және Назарбаев Университеті бірлескен «Академиялық адалдық» резолюциясын қабылдады

КАЗГЮУ-де ұйымдастырылған Халықаралық ғылыми форум жұмысы аясында оның қатысушылары білім беру саласындағы өзекті «Қазақстанның орта және жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдық» мәселелерін талқылады.

«Академиялық адалдық: мәселелері және болашағы. Озық тәжірибе» форумына қатысушылармен осы бағытта істелген қомақты жұмыстың тәжірибесімен «Назарбаев Университеті» БАҰ-ның студенттік істер мен халықаралық ынтымақтастық вице-президенті Кадиша Даирова бөлісті. Ол «Академиялық адалдық. Артқа қарап, алға ұмтыламыз» тақырыбына баяндама жасап, жоғары білім беру саласындағы халықаралық және отандық сарапшыларды Қазақстан Респубикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастамасымен құрылған Назарбаев Университеті сияқты ірі ғылыми-зерттеушілік орталығының құрылу мен даму кезеңдерімен таныстырды.

Қ.Даирова бүгінгі күні Қазақстанда академиялық опасыздық мәселелері бар екенін, әрі оның ең алдымен қоғамның көптеген өкілдерінің, оның ішінде студенттердің ата-аналарының да оны шындап қабылдамайтындығымен байланысты екенін атап өтті. Осы орайда қазақстандық жас ұрпақта жоғары моральдік-этикалық қағидаттарды балабақшадан бастап тәрбиелей бастау керек. Бұл өзара байланыс тұлғаның – отбасы, мектеп, ЖОО, жұмыс сияқты барлық қалыптасу кезеңдерінде сақталуы тиіс.

Жағымды нәтижелері бар іс жүзіндегі сәтті мысал ретінде ол Қазақ-түрік лицейлері жанындағы Академиялық кеңестердің құрылуын келтірді. Студенттік өкілеттіктердің белсенді өкілдері Академиялық кеңестің мүшелері болып табылады. Олар балаларға күнделікті қолдау көрсетіп, студенттерге оқу кезінде де, емтихан тапсыру кезінде де кеңес береді, іс жүзінде академиялық адалдық пен моральділік қағидаттарына баулиды.

Күні бұрын КАЗГЮУ Университетінің ректоры Талғат Нәрікбаев Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде адалдық ұғымы ең алдымен білім беру саласында қалыптасатындығына, себебі өздерінің көп уақытын жастар мектептерде, ЖООларда өткізетіндігіне назар аударған болатын. Сондықтан Талғат Мақсұтұлы оларға үлкен жауапкершілік жүктелетіндігін атап өтті.

Талқыланып отырған тақырып бойынша екі күндік пікірталастар мен пікір алмасулардың нәтижелерін қордалай келе құқықтану, экономика салаларындағы сарапшылар, жетекші қазақстандық және халықаралық зерттеушілер, практиктер академиялық адалдық ұғымын заңнамалық бекіту қажеттілігіне қатысты бір пікірге келді. Мұндай шара қазақстандық жастарда моральділік қағидаттары дағдыларының белсенді түрде дағдылануына ықпалдасады.

Форум аяқталуының ресми рәсімінде «КАЗГЮУ Университеті» АҚ мен «Назарбаев Университеті» БАҰ арасында «Академиялық адалдық» бірлескен қарары қабылданды.

Аталмыш құжат академиялық адалдық ұғымына құқықтық мәртебе береді. Ол мәртебе шынайылық, табандылық, өз міндеттемелеріне қатысты берілгендік, өз ісінің адалдығына қатысты сенімділікті қамтиды. Болашақта бұл құндылықты менсінбеген білім беру үдерісіне қатысушыларды заңнамалық түрде жазалауды қарастыру жоспарлануда. Себебі адал, жоғары білікті мамандарсыз біздің еліміз бәсекеге қабілетті бола алмайтынына қол қою  рәсімінде КАЗГЮУ ректоры Талғат Нәрікбаев  назар аударды.

Өз кезегінде Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу жоғары бәсекелестік дәуірінде білім беру саласында сапаны академиялық адалдықсыз арттыру мүмкін емес екенін атап өтті. Бұл білім алуда, оқытуда және бағалауда, ғылыми зерттеулерде жеке бастың адалдығын дамытатын құндылықтар мен қағидаттардың жиынтығын қамтиды. Сондықтан көптеген ЖООларда  халықаралық, жеке өзіндік тәжірибені қолдана отырып (ал өзінше ар-ұждан кодексі көптеген ЖООларда қабылданған), өзінің беделі мен абыройын ойлайтын әр университет ұстанатын белгілі бір академиялық адалдықтың ортақ құжатын әзірлеу уақыты келді.