Оқу-таныстырым практикасы

2016 жылдың 6 маусымында «Экономика», «Менеджмент», «Қаржы», «Есеп және аудит» мамандықтарының студенттері үшін ЭЖМ-нің Корпоративті даму және мансап орталығының ұйымдастыруымен оқу практикасы басталды. Бір апталық практиканың бірінші күні сәтті өтті. Мұнда KassaNova банкінің басты сарапшысы Ержан Турспеков студенттермен кездесіп, пікір алысты.

2016 жылдың 8 маусымында оқу таныстырым практикасы аясында Экономика жоғары мектебінің 2-курс студенттеріне Time Management, SWOT-analysis тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шеберлік сағатын «АТАМЕКЕН» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының HR-менеджері Марат Алисов өткізді. Сонымен қатар студенттердің Сингапурдан келген екі студентпен тәжірибе алмасуларына мүмкіндіктері болды.