«Қазақстанда қонақ үй бизнесін дамыту болашағы» қонақ дәрісі

8 қараша күні Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасы аясында «Қазақстанда қонақ үй бизнесін дамыту болашағы» атты қонақ дәрісі табыспен өтті.

Бағдарламаның спикері маркетинг және сату бөлімінің басшысы, Cushman and Wakefield Kazakhstan, Master of International Business in Hotel &Tourism Management, Cesar Ritz Colleges Самат Амалбаев болды.

Самат Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының тыңдаушыларына өзінің Алматыдағы Ritz Carlton қонақ үйіндегі жұмыс тәжірибесі жайында әңгімеледі, «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер мен түлектердің алдында қандай мүмкіндіктердің ашылатынын түсіндірді.  Спикер студенттерді қонақ үй бизнесінде жұмыс істеп көруге, өз білімін үнемі жетілдіруге, жаңаға бейім болуға және практикалық дағдыларды алуға шақырды.

КАЗГЮУ Университеті Амалбаев Саматқа тартымды, қызықты дәріс үшін және Хайруллина Ләззатқа спикерді шақырғаны үшін алғыс білдіреді.