Танымал поляк репортер-зерттеуші Палкевич мырзаның қонақ дәрісі

2016 жылдың 22 қарашасында әйгілі поляк репортер-зерттеуші, «Жаңа Жібек жолы 2017» жобасының авторы Jacek Palkiewicz  Экономика Жоғары Мектебінің Көшбасшылықты дамыту бағдарламасының спикері болды.

Палкевич мырза «Ақыл-ой кедергілері мен жеке шектеулерді еңсеру» тақырып жайында әңгімеледі. Спикердің өз тыңдармандарына жеткізгісі келген негізгі идеясы толыққанды өмір сүруге кедергі жасайтын ішкі шектеулерден арылу, нанғысыз ғажайып өзгерістердің мүмкіндігі болды.  

2017 жылы Палкевич мырза еуразиялық құрлықта ұлы ежелгі сауда жолын жандандыру мақсатымен халықаралық экспедицияға аттанбақшы.

КАЗГЮУ Университеті Польшаның Қазақстандағы Елшілігіне және Яцек Палкевич мырзаға шабыттандыратын дәрісті өткізгені үшін алғыс білдіреді!