Экономика жоғары мектебінің Бизнес-кеңесінің II кездесуі

Ағымдағы жылдың 23 қараша күні Park Inn by Radisson Astana қонақ үйінде ЭЖМ Бизнес-кеңесінің ІІ кездесуі өтті.

ЭЖМ Бизнес-кеңесінің миссиясы Экономика жоғары мектебінде әлемдік деңгейдегі білімді дамытуға көмектесу және студенттердің еңбек нарығымен талап етілетін білімі мен машықтарын қалыптастыру болып табылады.

Бизнес-кеңес мүшелерінің құрамына мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың, сондай-ақ жеке компаниялардың топ-менеджерлері кіреді.

Бұл: SAP сараптама орталығының директоры, «Транстелеком» АҚ модераторы Кемел Айтжанов, «ADK Project» басқарушы әріптесі Әнуар Ахметжанов, «ADK Project» директоры Әсет Дәуітов, «Kaznex Invest» ұлттық инвестициялық агенттігі» АҚ бас HR менеджері Марат Алисов, ҚР СІМ Халықаралық қауіпсіздік басқармасының кеңесшісі Жасұлан Ысқақов,  QIDS Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институтының директоры Ғалым Махмеджанов, ҚР СІМ Ілеспелі аударма бөлімінің бастығы Салтанат Қоныспаева, «Астана Протокол» ЖШС-інің директоры Әнуар Бейбітов, «AIFC» халықаралық қаржы орталығы академиясының канцлері Ернұр Рысмағамбетов, «CSI» стратегиялық бастамалар орталығының директоры Ғани Нығыметов, «Ақпараттық-талдамалық орталық» АҚ вице-президенті Марат Қамзолдаев, «AIFC» халықаралық қаржы орталығы академиясының өкілі Жансұлу Мұхамеджанова, «Сбербанк» ЕБ» АҚ АХД жөніндегі директордың орынбасары Қарлығаш Секербекова, «Alageum Electric» директоры Айдана Тоғызбаева, «Radisson Hotel Astana» қонақ үйінің аға HR директоры Индира Берсугурова, «ҚДБ» АҚ Қазынашылық дилері Қайрат Тастамбеков.

Отырыс модераторы SAP сараптама орталығының директоры, «Транстелеком» АҚ модераторы Кемел Айтжанов болды.

Экономика жоғары мектебінің деканы Дильбар Гимранованың Даму стратегиясын орындау нәтижелері бойынша 2016 жылғы есебінен кейін, Бизнес-кеңестің мүшелеріне, дәлірек айтқанда, «Project management» сертификаттау бағдарламасының әріптестеріне, «ADK Project» басқарушы әріптесі Әнуар Ахметжановқа және «ADK Project» директоры Әсет Дәуітовке, сондай-ақ «AIFC» халықаралық қаржы орталығы академиясының канцлері Ернұр Рысмағамбетовке және «ҚазМұнайГаз» АҚ Активтерді басқару департаменті директорының орынбасары Баубек Төрехановқа ЭЖМ дамуына қосқан үлестері үшін сертификаттар табысталды.

Бизнес-кеңестің мүшелері Экономика жоғары мектебінің кейбір мамандықтары мен мамандануларын дамытудың басымды бағыттарын, оқу бағдарламаларын жаңарту қажеттілігін, Қазақстан мен шетелдің еңбек нарығында ЭЖМ түлектеріне деген сұраныстың келешегін талқылады.  Сондай-ақ мамандықтың дамуына үлес қоса алатын кішігірім жұмыс топтары құрылды.

Осылайша, «Қаржы» мамандығын «AIFC» халықаралық қаржы орталығы академиясының канцлері Ернұр Рысмағамбетов және «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Айжан Тоқтабаева қадағалайтын болды.

«Экономика» мамандығы бойынша жұмыс тобын «AIFC» халықаралық қаржы орталығының өкілі Жансұлу Мұхамеджанова және «Қаржы, есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Айжан Тоқтабаева басқаратын болды,  сондай-ақ «Экономика» мамандығын дамытуға өз үлесін «CSI» стратегиялық бастамалар орталығының атқарушы директоры Ғани Нығыметов және QIDS Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институтының директоры Ғалым Махмеджанов қосуға дайын.

«Менеджмент» мамандығын «ADK Project» басқарушы директоры Әнуар Ахметжанов, «ADK Project» директоры Әсет Дәуітов және «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының меңгерушісі Асхат Нәметша.

«Туризм» мамандығының дамуына Radisson Hotel Astana және Park in by Radisson қонақ үйінің аға HR директоры Индира Берсүгірова және «Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Ғалым Сейілов жауапты болып тағайындалды.

«Аударма ісі» мамандығын дамыту болашағын өз қолына ҚР СІМ жанындағы ілеспе аударма бөлімінің бастығы Салтанат Қоныспаева және «Аударма ісі» кафедрасының меңгерушісі Айжан Қашкенова алды.

«Психология» мамандығына және оның HR Management-ке енуіне жетекшілік ету «KAZNEX Invest» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ бас  HR менеджері Марат Алисовқа және «Әлеуметтік-психологиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі Мұхтар Тілеуқұловқа бұйырды.

Кеңес мүшелерінің жалпы дауыс беруі арқылы «ADK Project» басқарушы әріптесі Әнуар Ахметжанов келесі жарты жылдыққа Бизнес-кеңесінің төрағасы болып тағайындалды.

Біз Бизнес-кеңестің барлық мүшелеріне құнды ұсыныстар үшін алғыс білдіреміз!

Экономика Жоғары Мектебінің Бизнес Кеңес беру Кеңесінің кездесуінің І Қарары