Экономика Жоғары Мектебі бүкіл әлемге танымал SeedStars CEE өңірлік стартап саммитінің әріптесі болды, бұл шара КАЗГЮУ Университетінде 2016 жылдың 3 желтоқсанында өткізілмек

Қазақстандағы стартап саммиті кәсіпкерлік экожүйесінің мыңнан астам қатысушысын біріктіреді, оның ішінде Орталық және Шығыс Еуропаның, Африканың, Таяу Шығыстың, Еуропа мен АҚШ-тың өз ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлері, инвесторлары, танымал корпорациялары және мол табысқа кенелген кәсіпкерлері. Бір алаңда инвесторлар, бизнес-қауымдастықтың көшбасшылары және болашағы зор кәсіпкерлер.

Қазақстандық кезеңнің жеңімпазына Женева қаласында өтетін ғаламдық финалға қатысу мүмкіндігі бұйырады, оның басты жүлдесі –бір миллион доллар инвестиция.

Қатысушылар: Орталық және Шығыс Еуропадан 10 стартап-жеңімпаз, Қазақстаннан 10 стартап-жеңімпаз, 15 – 20 эдвайзер мен тәлімгерлер, сексенге жуық инвестор, сондай-ақ Әзірбайжан, Армения, Грузия, Украина, Ресей, Қырғызстан, Хорватия, Чехия, Болгария мен Түркиядағы Seedstars өңірлік конкурстарының жеңімпаздары.