Экономика Жоғары Мектебінің «The Phoenix» атты студенттік газетінің алғашқы шығарылымы

3 желтоқсан күні Экономика Жоғары Мектебінің студенттері мектеп тарихындағы алғашқы «The Phoenix» студенттік газетін жариялады. Газет өте жарқын әрі қызықты болып шықты. Бірінші курстан бастап төртінші курсқа дейінгі студенттерден тұратын редакторлық алқа бұл нөмірде ЭЖМ маскот (тұмар) авторларымен, профессорлық-оқытушылық құраммен, бірінші курс студенттерімен, сондай-ақ Қазақстандағы CFA Institute Research Challenge дүниежүзілік инвестициялық олимпиадасының бірінші жергілікті турнирына қатысушылармен сұхбаттарды жинады.

Газеттің беттерінде студенттер ең жоғары GPA қалай жинауға болатыны, академиялық мәселелермен, жұмысқа орналастыру және тәжірибе бойынша мәселелермен кімге жолығатыны жайында өз ақыл-кеңестерімен бөлісті. Бұл шығарылымның тиражы 200 дана құрады.

Газетті М.С. Нәрікбаев атындағы кітапханадан, ХҚКО-дан, деканаттан және ЭЖМ эдвайзерлерінен алуға болады.

Газеттің эдектрондық нұсқасы мына сілтеме бойынша.