Қытай үкіметі ЭЖМ студенттері мен қызметшілері үшін Бейжің технологиялық университетінің (Қытай) магистратурасы мен докторантурасында оқуға 3 грант бөлді

Қытай үкіметі ЭЖМ студенттері мен қызметшілері үшін Бейжің технологиялық университетінің (Қытай) магистратурасы мен докторантурасында оқуға 3 грант бөлді

Құрметті ЭЖМ студенттері мен қызметшілері!

Бейжің технологиялық университеті КАЗГЮУ Экономика жоғары мектебіне магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша оқуға 3 толық грант ұсынуда. Қабылдайтын жоғары оқу орнының сайты: http://english.bit.edu.cn/

Грант:

  • тіркелу, оқу, кампус аумағында тұру үшін төлемақысын;
  • 800 юань (шамамен 40000 теңге) – медициналық сақтандыруды;
  • 3000 юань (шамамен 150000 теңге) – магистранттар, 3500 юань (шамамен 175000 теңге) – докторанттар үшін ай сайынғы шәкіртақыны өтейді.

Талаптар:

  • 3.0 төмен емес GPA;
  • ғылыми-зерттеу тәжірибесі;
  • кандидат басқа шәкіртақыларға өтінімдерді бермеуге тиіс.

Өтінімдерді қабылдау мерзімдері:  

2016 жылғы 21 желтоқсан – 2017 жылғы 15 наурыз

Толық ақпарат алу үшін: Ботагоз Жанбекова

ЭЖМ Ынтымақтастық және рекрутинг орталығы, 206-каб.

b_zhanbekova@kazguu.kz

+7 7172 70 28 49

+7 702 913 03 76