КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі Сянья педагогикалық институтымен Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20 желтоқсан күні КАЗГЮУ Университетінде Экономика жоғары мектебі Сянья педагогикалық институтының делегациясымен кездесті. Кездесу нәтижесінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Екі жақты ынтымақтастықты талқылау барысында тараптар студенттер мен оқытушылық құрамның, ғылыми қызметкерлердің академиялық оралымдылық мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ ғылыми жобаларға бірлесіп қатысу келешегі де сөз етілді.