КАЗГЮУ студенті IFRS Professional халықаралық кәсіби конкурсының іріктеу кезеңінен өткен студенттердің алғашқы отыздығына кірді

Экономика жоғары мектебінің студенттері өз жетістіктерімен қуантуда.

«Есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алатын 3-курс студенті Айжан Адамбекова IFRS Professional халықаралық сайысының іріктеу кезеңінен өткен студенттердің алғашқы легіне ілікті.  

IFRS PROFESSIONAL – мамандардың арасында халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша халықаралық кәсіби сайыс.  

Конкурстың екі кезеңі 1 қыркүйек пен 6 қараша аралығында өтті:

  1. ХҚЕС білу жайында онлайн-тестілеу; 
  2. тапсырылған тақырыптарға эссе жазу. 

Конкурсқа 384 студент қатысты. Номинацияны  ACCA Russia бекітті.

Айжан, сізді шың жүректен құттықтаймыз және сәттілік пен табыс тілейміз!