Инвестициялар туралы: оларды тарту және болашағы

8 ақпанда Экономика жоғары мектебінің Көшбасшылықты дамыту бағдарламасы аясында “Инвестициялар туралы: оларды тарту және болашағы” атты тақырыпқа қонақ дәрісі өтті.
Бағдарламаның спикері – Ерлан Жакин, “Қазақстандық МЖӘ орталығы” АҚ фронт-кеңсесінің вице-президенті, Стирлинг Университетінің (Ұлыбритания) “Болашақ” бағдарламасының түлегі.
Экономика жоғары мектебінің басшылығы атынан Ерланға ЭЖМ студенттерімен көкейтесті мәселелер жөнінде әңгіме жүргізгені үшін алғыс білдіреміз!