Ұстаздық еткен жалықпас

Бану Оралбаева,«Сыни тұрғыдан ойлау» пәнінің оқытушысы, Экономика Жоғары Мектебі, 2017 жыл бойынша КАЗГЮУдің ең үздік оқытушысы

Білімі: Бакалавр дәрежесін “Екі Шет Тілі” мамандығы бойынша Абылайхан Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университетінде бітіргенмін. “Болашақ” бағдарламасының түлегімін, Дарем Университетінде (Ұлы Британия) Қолданбалы Лингвистика мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым.  Негізгі еңбек өтілім білім беру саласында. Ағылшын тілі оқытушысы ретінде 6 жылдан аса тәжірибем бар.

«КАЗГЮУда 3 жыл жұмыс жасап келемін. “Аударма Ісі” кафедрасының оқытушысымын, ағылшын және аударма ісіне қатысты пәндерден сабақ беремін. Осы оқу жылынан бастап “Сыни тұрғыдан ойлау” (Critical Thinking) пәнін 1 курс студенттеріне үйретудемін. Оқытушылық қызмет менің хоббиім деп айта аламын. Маған жас өрендерді пайдалы нәрсеге үйретіп, өз тәжірибеммен бөлісіп, оларға бағыт-бағдар берген ұнайды. Сонымен қатар, студенттердің құрамы үнемі өзгеріп отырады. Әрбір топтың өз артықшылықтары мен кемшіліктері, қызықтары болады, яғни, менің жұмысым ешқашан жалықтырмайды. Маған батыстық білім беру жүйесі ұнайды, ол жақта студенттер өзіндік жұмыспен (Self-study) көп айналысады. Белгілі бір тақырыпты зерттеп (Research) жүреді. Оларға әр сабақтан баға алып қажеті жоқ. Мен студенттерімнің арасында осы салтты қалыптастырғым келеді. Сабақ барысында топтық жұмысты көп қолданамын, дискуссия, проблемдік сұрақтарды және ойындарды жиі кірістіремін. Тек теориямен өте берген студентердің ынтасын кетіреді деп ойлаймын.

Уақытқа жұмыс жасай білу – студенттер студент ретінде де, болашақ маман ретінде де әр нәрсені уақытында жасай білуі керек.

Оқыған, естіген нәрселердің бәріне сене бермей өз бетінше зерттеу жүргізіп, талдау жасай алу. Мәселені жан-жақты қарастыру, тығырықтан шығар жол табу және дұрыс шешім шығару.