Астанада әлемнің жүз жоғары оқу орнынан келген халықаралық сарапшылар білім беру ортасындағы академиялық адалдық мәселелерін талқылауда

 

Осы күндері елордамыз «Университетті басқару контекстінде академиялық адалдық» атты халықаралық конференцияға қатысу үшін келген шетелдік және қазақстандық профессорларды қарсы алуда. Екі жыл бойы КАЗГЮУ Университеті еліміздегі өзекті тақырыпты талқылау үшін сұхбаттасу алаңына айналуда.

 

ҚР БжҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары С. Исмагулованың айтуынша, жоғары білім саласында академиялық адалдық қағидаларын ұстану – Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген ең басты тапсырмалардың бірі.

  • Жастардың жоғары білімділігі болашақта табысты болудың іргелі факторы болып табылады. Қазіргі уақытта жоғары білім жүйесінде академиялық, басқарушылық, қаржылық дербестікті ұсынуға бағытталған реформалар жүргізілуде, алайда бұл жоғары оқу орындарына сапалы білім беру қызметтерін ұсыну мен студенттік жастардың заманға сай дүниетанымын қалыптастыруда үлкен жауапкершілік жүктейді, – деп белгіледі С. Исмагулова.

Осы бағыттағы жүйелі шаралардың арасында салалық министрліктің өкілі профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттердің арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, онлайн-порталдардың қосылуы, Академиялық адалдық кодекстерінің іске асырылуы, студенттік Қызмет көрсету орталықтарының жұмыс істеуі, студенттермен және олардың ата-аналарымен кері байланыс арналарын енгізу бойынша атқарылған жұмысты ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, КАЗГЮУ Университетінің ректоры Т. Нәрікбаев конференцияға қатысушылардың академиялық ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерін еңсерудегі рөліне назар аударып, оларды ашық сөйлесуге шақырды.

Ол «қазақстандықтардың жоғары моральдық-этикалық қағидаларын тәрбиелеу бойынша күрделі жұмысты балабақшадан бастау қажет. Және осы өзара байланыс отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, жұмыс секілді адамның тұлғасын қалыптастырудың барлық кезеңдерінде сақталуға тиіс.  Адал, жоғары кәсіби мамандардар даярланбаса, еліміз бәсекеге қабілетті бола алмайды» деп санайды.

Конференция аясында АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Чехия, Өзбекстан, Ресей мен Қазақстанның ірі академиялық орталықтарының жетекші зерттеушілері, ғылыми қызметкерлері зерттеу мәдениетін дамытудағы халықаралық тәжірибемен алмасты, академиялық адалдық қағидаларын және университеттердің жоғары басшылығының сыртқы және ішкі функцияларының жаңа түбегейлі шешімдерін талқыға салды.

Уорик Университетінің Еуропалық стратегия мәселелері жөніндегі аға кеңесші Люк Ван Лангенхов, АХҚО Үздіксіз кәсіби даму бюросында Академиялық кеңестің төрағасы Александр Ван дэ Путтэ, Дүниежүзілік экономика және дипломатия университетінің келіссөздер зертханасының директоры Алишер Файзуллаев өз баяндамаларында кәсіби ғылыми зерттеулердің мәдениетін қалыптастыру қажеттілігін белгіледі.

Конференцияның әріптестері – «Астана» халықаралық қаржы орталығы (AIFC),  КАЗГЮУ Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институты (QIDS), сондай-ақ КАЗГЮУ Университетінің Халықаралық құқық орталығы (KCIL).

Іс-шараны ұйымдастырушылар – КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі және Назарбаев Университеті.