Экономика жоғары мектебінің бос орындар жәрмеңкесі – 2017

Құрметті студенттер,

ЭЖМ Корпоративтік даму және мансап орталығы Коворкинг Multispace-пен бірге кезекті жыл сайынғы бос орындар жәрмеңкесін өткізеді.

Бос орындар жәрмеңкесінің негізгі миссиясы – кәсіби платформаны ұсыну, бұл алаңқайда, бір жағынан, болашақ университет түлектері компаниялардың өкілдерімен бетпе-бет кездесіп, кәсіби қызметпен байланысты барлық мәселелерді талқылап, жұмыс берушілермен әңгімелесе алады, ал басқа жағынан – компаниялар дарынды түлектермен танысып, өз бизнес саласындағы болашақ көсемдермен таныса алады.

Экономика жоғары мектебінің бос орындар жәрмеңкесі – бұл:

  • Іс-шараның  жаңартылған нысаны;
  • Жұмыс берушілер үшін жас мамандардың кәсіби даярлануын, жастардың моральдық және әлеуметтік бейімділігінбағалауға, ізденушілердің жеке тұлғалық әрі моральдық ерекшеліктерін өз ұйымдарының нысанымен салыстыруға мүмкіндік;
  • Үміткерлерді жұмысқа алдын ала іріктеу мүмкіндігі;
  • Іс-шара аясында танымал мамандардың шебер-сыныптары және бреинсторминг тәсілдері.

Өзімен бірге түйіндеме көшірмесі мен жеке куәлік болуға тиіс.

Бос орындар жәрмеңкесі 2017 жылдың 25 мамыр күні сағат 10.00-де Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 34 мекенжайы («ASTANA MALL» ОСК, MULTISPACE кеңсе кеңістігі, 3-қабат) бойынша өтеді.