Бизнестегі инновациялар

15 маусымда КАЗГЮУ Университетінің Экономика Жоғары Мектебінің директоры Дильбар Гимранованы Astana Economic Forum 2017 аясында The Economist жыл сайын ұйымдастыратын инновациялық саммиттің панельдік пікірталасына шақырды.

Дильбар Гимранова және Visa компаниясының CEMEA өңірінде жаңа өнімдер мен инновацияларды дамыту бойынша вице-президенті Пол Маккри Инновациялық Саммиттің қонақтарымен және сарапшыларымен “Бизнестегі инновацияларды өлшеу және қаржыландыру” тақырыбын талқыға салды.

Пікірталас қызықты өтіп, ойлануға көп ақпарат берді және ынтымақтастықтың басына айналды.