Қазақстанда ең жоғары жалақы қаржыгерлерге тиесілі

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда ең көп жалақыны қаржыгерлер алады.

«Егер салаларға бөліп қарайтын болсақ, онда 315 300 теңге құрайтын ең жоғары номиналдық жалақы қаржы қызметінде байқалады (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе артық)» – деп хабарлайды zakon.kz

Әрине, осы жерде «Табысы мол қаржыгерлерді қайда дайындайды?» деген сұрақ туындайды. Біз жалақысы жоғары қаржыгерлерді дайындау үшін КАЗГЮУ-дың неліктен ең үздік оқу орны болып табылатындығының құпиясын ашамыз.

Бүгін халықаралық үлгідегі диплом алу үшін шетелде оқудың қажеті жоқ. Себебі FIBA, CIMA, IQAA, ACCA, CFA, ISAEW секілді бірқатар халықаралық және ұлттық аккредиттеу рейтингтік агенттіктері КАЗГЮУ-дың “Қаржы” бағдарламасын мойындады (толығырақ мына сілтеме бойынша:  http://kazguu.kz/ru/accreditation/ ).

КАЗГЮУ Университеті бірде-бір шартсыз FIBAA-ның халықаралық аккредиттеу рәсімінен өткені туралы сертификат алған Қазақстандағы алғашқы және жалғыз оқу орны болып табылады. Енді Университет түлектерінің дипломдары шетелде мойындалып, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері айтарлықтай көбейді, сондай-ақ түлектеріміз Еуропа мен АҚШ-та білімдерін жалғастыруға құқылы.

КАЗГЮУ Университеті Экономика жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылық құрамының 80% ең үздік шетелдік жоғары оқу орындарында білім алған өз ісінің тәжірибелі мамандары болып табылады және қазақстандық және халықаралық компаниялардың басшы лауазымдарында мол тәжірибесі бар.

БЖЗҚ деректері бойынша, 2016 жылы КАЗГЮУ Университеті студенттерінің жұмысқа орналасуы 88% құрады, бұл көрсеткіш білімнің сапасын растайды.

Бүгін КАЗГЮУ Университеті «Қаржы» мамандығына құжаттарды 25 тамызға дейін қабылдайды.

Анықтама ретінде:

* FIBA – Бизнес-әкімшілендіру саласындағы бағдарламаларды халықаралық аккредиттеу қоры;

* CIMA – Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің басқарушылық есеп бойынша мамандарының халықаралық қауымдастығы – қаржы директоры, жоғары буындағы басқарушы не жеке өзінің бизнесінің иесі болғысы келетін адамдардың таңдауы.

* IQAA – Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА).

* ACCA – Бүкіл әлем бойынша қаржы және есеп саласындағы мамандарды біріктіретін кәсіптік біліктілік.

* CFA – Chartered Financial Analyst, сөзбе-сөз аударғанда  «дипломы бар қаржы аналитигі» деген мағынаны білдіреді – қаржылық талдау және инвестициялар саласында жоғары дәрежеге жеткісі келетін адамдарға арналған.

*ICAEW – бүкіл әлем бойынша дипломы бар бухгалтерлердің дамуына және оларға қолдау көрсетуге бағытталған мүше ұйымы.