«The Phoenix» – КАЗГЮУ-дің алғашқы студенттік газеті!

Газет тарихы Экономика Жоғары Мектебінің Феникс атты тұмарынан басталады. Тұмардан кейін студенттер «The Phoenix» газетін құру идеясын жүзеге асыра бастады, олардың ойларынша газет университеттің соңғы жаңалықтарының жаршысы болуға тиіс және студенттердің шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта газеттің біртұтас редакциялық алқасы бар, бұл жерде студенттер өздерін тілші, фотограф және дизайнерлер ретінде сынап көруде.

Осы күнге дейін «The Phoenix» газетінің төрт нөмірі жарық көрді. Оның беттерінде Қазақстанның танымал тұлғаларымен танысуға болады, жоғары курстың студенттері ақыл-кеңестерімен бөліседі, мектептің сертификаттау бағдарламалары жайлы хабардар болып, Университет фотографтарының түсірген суреттеріне тәнті бола аласыз.

Газеттің барлық нөмірлерін мына сілтеме бойынша оқи аласыз.

«The Phoenix» командасының бір бөлшегі болғың келе ме? Газеттің редакторы, 3-курс студенті Айша Кутубаеваға хабарлас: тел. 8 707 571 46 57  не поштасы: thephoenix@kazguu.kz

Еске сала кетейік, КАЗГЮУ-ға оқуға түсу үшін құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады!

Сұрақтарыңыз бар ма? http://kazguu.kz/ru/ask/ сілтеме бойынша өтіп, сұрақтарыңызды қалдыруға болады не қабылдау комиссиясының нөмірлеріне қоңырау соғыңыз:

+7 778 749-73-69;
+7 (7172) 64-26-21;
+7 (7172) 70 28 38.