Экономика Жоғары Мектебі Accounting ICAEW (Англия мен Уэльстің алқабилер бухгалтерлерінің институты) деңгейінің аккредиттелуіне ие болды

ICAEW – жетекші дүниежүзілік кәсіби мүшелік ұйым, бұл ұйым бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік есеп, қаржы және бизнес салаларындағы 146 мыңнан астам сертификатталған аудиторларды қолдайды және олардың дамуына бар жағдай жасайды.

Қазақстанда  ICAEW қауымдастығының мүшесі ретінде бар болғаны 7 адам танылған, бұл түлектеріміздің келешегіне зор мүмкіндіктерді тудырады. ICAEW біліктілігін алу үшін 6 деңгейді меңгеру қажет, әрбір деңгейдің құны орташа есеппен 350 мың теңге құрайды. КАЗГЮУ-да оқып, негізгі оқу аясында сіз қосымша ақы төлемей, емтихандардан босатылуыңыз мүмкін. Аккредиттеу қаржы, есеп және аудит, экономика, менеджмент секілді мамандықтарды қамтиды.

ICAEW сертификатына ие болған студент:
– бизнес, қаржы және бухгалтерлік есептің негіздерін түсінетін болады;
– бизнестің табысты болуымен байланысты не сәтсіздікке әкеп соққан негізгі факторларды бағалай алады;
– іскерлік тәуекелді төмендету мүмкіндігін көріп, коммерциялық қызметтің тиімділігіне мониторинг жүргізуді үйренеді;
– жеке өзінің бизнесін ашуға көмектесетін дағдыларды меңгереді;
– іскерлік ағылшын тілін үйрене алады.

Жоғарыда аталған дағдылар мен машықтардың иесі болғаннан кейін еңбек нарығында әрқашан сұранысқа ие боласыз. Бүгінгі күні Экономика Жоғары Мектебі түлектерінің жұмысқа орналасуы 88% құрайды.

Қабылдау комиссиясы құжаттарды 25 тамызға дейін қабылдайды. Өтінімді http://kazguu.kz/ru/ask/ сілтеме бойынша қалдыруға не мына телефондарға қоңырау соғуға болады:
+7 778 749-73-69;
+7 (7172) 64-26-21;
+7 (7172) 70 28 38.