Экономика Жоғары Мектебі EUROBAK мүшесі болды

EUROBAK  (Қазақстанның Еуропалық іскерлік қауымдастығы) – Қазақстанда еуропалық іскер қауымдастығының мүдделерін білдіретін коммерциялық емес ұйым. Бұл ұйым Қазақстанда жұмыс жасайтын және инвестиция салатын ЕО компаниялары мен Еуропалық Одақ Комиссиясы делегациясының бірлескен бастамасымен құрылды. Қазіргі уақытта EUROBAK құрамына Қазақстанда бизнесі бар жетекші еуропалық компаниялар мен мекемелер және дипломатиялық қауымдастық кіреді.

Енді КАЗГЮУ Университетінің Экономика Жоғары Мектебі  EUROBAK мүшесі болғандықтан, көптеген артықшылықтарға ие болды:

  • Қазақстанның мемлекеттік органдарымен сындарлы диалог;
  • іскерлік қатынастарды орнату мен дамыту үшін желілік мүмкіндіктер;
  • EUROBAK іс-шараларына қатысу;
  • Инвестицияларжөніндегі омбудсменнің жұмыс тобымен ынтымақтасу;
  • ЕО-ның Қазақстандағы делегациясымен және дипломатиялық қауымдастықпен ынтымақтастық;
  • EUROBAK ресми серіктесі World Monitor Magazine арнайы жарнамалық мүмкіндіктер және т.б.