ЭЖМ студенттері Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым мен техника жөніндегі алғашқы саммитіне қатысты

2017 жылдың 10-11 қыркүйегінде Экономика Жоғары Мектебінің “Аударма ісі” мамандығы бойынша екінші курс студенттері Владислав Сайко, Арайлым Толеулиева, Салтанат Мусаева, Аружан Мурзатаева және Шынар Нурллаева Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым мен техника жөніндегі саммитінде волонтер болып жұмыс істеді. 

Бұл ауқымды шараға ИЫҰ мүше-мемлекеттерінің, байқаушы-елдердің, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдардың сексенге жуық делегациясы қатысты. Саммит ұраны – “Ислам әлеміндегі ғылым, технологиялар, инновациялар мен жаңғырту”  және бұл шара  «Astana EXPO-2017» халықаралық көрмесінің жабылуына орайластырылды. 

Біздің студенттер ашылу және жабылу рәсімдеріне қатысып, саммит барысында делегациялармен қатар жүрді. Іс-шараны ұйымдастырушылар (Сыртқы істер министрлігі) студенттеріміздің саммитті өткізуге қосқан үлесін жоғары бағалап, оларға сертификаттарды табыстады.  

ЭЖМ атынан студенттерімізге барлық бастамалардың сәтті болуын тілейміз!