КАЗГЮУ профессоры бельгиялық жоғары оқу орнында дәріс оқыды

КАЗГЮУ Экономика жоғары мектебінің QIDS әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институтының директоры Ғалым Махмеджанов шақырылған профессор ретінде Льеж Университетінің Халықаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығында (CEFIR) дәріс оқыды.

Бұл дәріс 2017 жылдың 26 қазан күні Erasmus+ халықаралық кредиттік оралымдылық мәселелері бойынша бағдарлама аясында ұйымдастырылды. Дәріс тақырыбы Орталық Азия елдерінің сыртқы саясат мәселелеріне, нақтырақ айтқанда, Арал теңізі бассейніндегі су-энергетикалық консорциумды дамыту мәселелеріне арналған.