Астанадағы AIFC басшысы Арман Шокпаровтың қонақ дәрісі өтті

2017 жылдың 24 қарашасында A-Step to Graduate бағдарламасының қонағы Арман Шоқпаров болды. Арман Шокпаров – Астанадағы Халықаралық қаржы орталығының (AIFC) Үздіксіз кәсіби даму бюросының Мансап орталығының басшысы.

Дәріске қатысқан төртінші курстың студенттері дәрістің қызықты әрі пайдалы болғанын белгілейді. Кездесу барысында түйіндемені әзірлеу, әңгімелесуден өту кезінде жиі орын алатын қателіктер қаралды. Сондай-ақ Арман Шокпаров жұмыс берушіні қызықтыра алатын тәжірибемен бөлісті.