Ж. Калиеваның қонақ дәрісі

30 қарашада әйгілі мінез-құлық маманы, № 79 және № 23 мектептердегі клиникалық басшы, RBTдеңгейінің АВА курсының оқытушысы Ж. Калиева дәріс оқыды.
Әлеуметтік-психологиялық пәндердің кафедрасы ұйымдастырған дәрістің тақырыбы өзекті болды. “АВА негізінде аутизмге шалдыққан балалардың жалпы білім беру ортасына енуі” деген тақырып “Психология” мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге ғана емес, ал сонымен қатар қонағымызды тыңдауға келген басқа да қонақтарға да қызықты болды. Ж. Калиеваға өте танымдық әрі қызықты лекция үшін алғыс білдіреміз!