«Ислам қаржысы, тәуекелдерді тарату және макроэкономикалық тұрақтылық» атты ғылыми-практикалық семинар аяқталды

29-30 қараша күндері КАЗГЮУ Университетінде Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Малайзия, БАӘ, Пәкістан, Сауд Арабиясы, Сингапур секілді елдердің мамандары қатысқан “Ислам қаржысы, тәуекелдерді тарату және макроэкономикалық тұрақтылық: мәселелері мен сын-тегеуріндері” – Research Workshop on Islamic Finance, Risk-Sharing and Macroeconomic Stability: Issues and Challenges (RWIFRMS 2017) атты ғылыми-практикалық семинар өтті.

КАЗГЮУ ректоры Талғат Нәрікбаев, АХҚО Бюро басшысы Ернұр Рысмағанбетов, Ислам зерттеу және оқу институтының (IRTI, ИБР) Ислам экономикасы мен қаржы жөніндегі зерттеулер департаментінің аға экономист-зерттеушісі Турхан Али Абдул Манап семинарды ашты.
Семинар аясында ислам экономикасының мәні мен макроэкономикалық тұрақтылық, корпоративтік қаржы және кірісті тарату, қаржы леверидж және ислам банкінде тәуекелдерді тарату, әлеуметтік-экономикалық дамудағы ислам қаржысының рөлі, сондай-ақ ислам қаржысының заманауи өзекті проблемалары бойынша әртүрлі бес сессия өткізілді.

Семинар қорытындысы бойынша зерттеу институттары мен университеттері арасында ынтымақтастық құрылып, ислам қаржысы бойынша зерттеулерді дамыту жөніндегі бағыттар әзірленді.

Другие новости по теме: «Исламские финансы, распределение рисков и макроэкономическая стабильность: проблемы и вызовы»