КАЗГЮУ Университеті Экономика жоғары мектебі III жыл сайынғы Академиялық адалдық және интернационализация конференциясының платина демеушісі Turnitin болатынын хабарлаймыз


Turnitin академиялық адалдықты қамтамасыз ету мақсатында формативті құралдар мен білім беру ресурстарының көмегі арқылы оқытушылар мен білім беру мекемелерімен белсенді ынтымақтастық орнатып келеді. Біздің компаниямыз ұсынатын түпнұсқа мен авторлықты анықтау қызметтері академиялық адалдықпен қамтамасыз ете отырып, сыни ойлауды дамытады, сонымен қатар студенттердің академиялық жазу дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді. Turnitin оқытушыларды плагиатты болдырмау құралдарымен қамтамасыз етеді, студенттерді академиялық жазу процесіне тартады және жекеленген кері байланыс орнатады.

Turnitin компаниясының флагмандық өнімі «Feedback Studio» – түпнұсқаны тексеру, кері байланыс орнату және сараптамалық бағалау саласындағы инновациялық және салалық құрал болып табылады. Мұғалімдердің ғылыми жұмыстарды тексеруге жұмсайтын уақытын үнемдеумен қатар, қолжетімді әрі толық деректер базасын салыстыра отырып академиялық адалдық стандарттарының деңгейін көтереді және студенттердің академиялық жазу дағдыларын жақсартуға көмектеседі. Turnitin компаниясының шешімдерін әлемнің 140 еліндегі 15 000 мекемеден 30 миллионнан астам студент пайдаланады.

Веб‑сайтымыз: http://turnitin.com