Экономика жоғары мектебіне қош келдіңіздер!

Сапалы және кешенді білімнің табысты жұмыстың іргетасы ретіндегі маңызын түсіне отырып, Экономика жоғары мектебінің басшылығы мен оқытушылық құрамы барлық білім алушыларға сапалы академиялық білім беру, сондай-ақ кәсіби білімі мен дағдыларын дамыту үшін бизнес секторымен, ұлттық компаниялармен және мемлекеттік құрылымдармен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасайды. Экономика жоғары мектебінде білім беру дәстүрлі дәріс оқу, кітапханалар мен компьютерлік зертханалар шеңберінен тыс жұмыстар түрінде жүргізіледі. Біз Қазақстанның ең табысты адамдарымен, халықаралық сарапшылармен кездесулер, қызықты студенттік өмір, жетекші ұлттық және халықаралық компанияларда тәжірибеден өту, еуропалық және азиялық алдыңғы қатарлы университеттердің дипломын алу мүмкіндігін ұсынамыз.
Сіз үшін мектебімізге еліміздің үздік оқытушыларын, ғылым докторларын, әлемнің жетекші университеттерінің түлектерін, «Болашақ» президенттік стипендиясының иегерлері мен белгілі бизнес-жаттықтырушыларды шақырдық.
Экономика жоғары мектебінің түлегі болу – абыройлы және сенімді қадам!
Сіздің болашағыңызға үлкен сеніммен қараушы Дильбар Гимранова

Деканның өмірбаяны

Құрметті сайтқа кірушілер!

Жылдам жауап алу үшін сізден өз сұрақтарыңыздың мәнін анық және толық көрсетуіңізді сұраймыз. Сұрақ қоймас бұрын блог материалдарынан өз сұрағыңызға жауап іздеп көруіңіз керек. Сіз іздеген сұрақтың жауабы блогта болуы әбден мүмкін, осылайша қажетті ақпаратты оңай таба аласыз. Қызметті пайдалану үшін Қатысу туралы келісімді қабылдауыңыз керек. келісім. Керекті бағандарды қажетті мәліметтермен толтырғаннан кейін сізге сұрақ қою мүмкіндігі беріледі. Сұрақтарды жібергеннен кейін сіз өз сұрағыңыздың ағымдық ретін көресіз.
Төмендегі мазмұндағы сұрақтар қарастырылмайды:

  • Жекелеген жағдайларды қоспағанда, анонимдік қалыптағы сұрақтар;
  • Тіл мәдениеті сақталмай жазылған сұрақтар;
  • Оқуға түсініксіз және түсініксіз қысқартулары бар сұрақтар;
  • Сұрақ қойылып отырған адамның құзыретіне қатысы жоқ сипаттағы мәселелерді қозғайтын сұрақтар;

Қойылған сұрақтар модератор тарапынан этика нормалары және дұрыс жазу ережелеріне сәйкес түзетілгеннен кейін ғана жарияланады.

2 thoughts on “Директор блогы

  1. Drs Johannes Krens

    Since I will be speaking on the topic of counselling and psychotherapy to a psychology studentgroup of your beautifull university, I wonder if it is possible to recieve a literature list of the basic training in counselling and psychotherapy master, so that I could prepare my lecture a little better by responding to what they know already.

    Since I am a retired psychotherapist (while still upholding a smal practice in NL) after 40 years of experience of multimodal psychotherapy I may offer some free of charge lectures on developmental psychology and counselling while visiting Almaty and Astana in january and february.

    Thank you in advance!

    Reply
    1. Dilbar Gimranova

      Hi Dr. Krens,

      We are happy to learn that you accepted our offer.

      I will forward your request to the Psychology Department faculty Arman, he will get in touch with you.

      Thank you again,
      Looking forward yo seeing you soon,

      Best regards,

      Dilbar

      Reply

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *