Постер

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЖӘНЕ УНИВЕРСИТЕТТІ БАСҚАРУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ «АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ-2» ДӘСТҮРЛІ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

 19-20 Мамыр, 2017  

АСТАНА ҚАЛАСЫ, ҚАЗАҚСТАН  

КАЗГЮУ Университетінің Экономика Жоғары Мектебі және Назарбаев Университеті Университетті Басқару саласындағы Академиялық Адалдық тақырыбында екінші конференция 2017 жылы 19-20 мамырда Астана қаласында өтетіні туралы хабарлайды.

Конференцияның мақсаты академиялық адалдық туралы теориялық және эмпирикалық зерттеулермен бөлісу; бүкіл әлем бойынша ең үздік тәжірибелерді талқылау және жаңа тәсілдерді қолданысқа енгізу болып табылады.

Аталмыш конференцияға қатысуға жергілікті, аймақтық және халықаралық университеттер мен институттардан ғылыми зерттеушілер, жас мамандар, тәжірибелі мамандар мен магистранттар шақырылады.

Төменде көрсетілген үш тақырыптық бағыттардың біріне арналған, төлтума, қосарланған тексеру әдісі бойынша рецензияланатын, ғылыми және қолданбалы форматтағы кейс-стади, тақырыптық зерттеулер, әдеби шолу және тұжырымдамалық мақалалар, аяқталған немесе үдерістегі тезистер қабылданады.

ҚАТЫСУШЫЛАР ӨТІНІШТЕРІН 2017 ЖЫЛДЫҢ 10 АҚПАНЫНА ДЕЙІН мына электрондық поштаға жіберуі қажет: conference2017@hse.kazguu.kz

  • УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ФУНКЦИЯЛАРЫ

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында басшылықтың рөлі асыра бағаланбайды. Ол университетке байланысты ішкі саясатты әзірлеу және іске асыру, стратегия, басқару аясында шешім қабылдау процесімен ғана шектелмейді. Аға менеджерлер жергілікті, аймақтық және халықаралық әріптестікті тиімді дамытуға және басқару процестері үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етуге көп атсалысуда.

Біз академиялық адалдық мәдениетін дамыту және қолдаудағы Аға Басшылықтың рөлі; академиялық адалдық мәдениетін дамытуда аға басшылықтың кездестірген кедергілері; академиялық мекемелер шеңберінде, сондай-ақ жеке тұлғалар, жүйелер мен құрылымдар аясында күшті мәдениет ендіруге арналған стратегиялар, саясаттар, рәсімдер мен нұсқаулар туралы ғылыми жұмыстарды қабылдаймыз. Сондай-ақ, Қазақстандық және халықаралық тәжірибе негізіндегі кері байланыс талқыланбақ. Тағы, студенттік тәжірибенің жаһандық білім және интернационалдандыру аясындағы академиялық адалдықтың шығындары мен пайдалары талданатын болады. Соңында, біз «жыртқыш жариялаудың» беделге тигізер зияндары және басқару жүйесінің үздік академиялық көрсеткішінің маңызын талдауға тырысамыз.

 

(2) СЫРТҚЫ ТЕКСЕРІС ЖӘНЕ ОҚУ ҮДЕРІСІН ІШТЕЙ БАСҚАРУ

Бұл бөлімде ішкі академиялық басқару процестері, ғылыми-зерттеу және сыртқы шолу шеңберінде ғылыми-зерттеу және білім алмасу, ғылыми-зерттеу сапасын және білім құруды жетілдіру механизмі қарастырылады. Оқу және оқыту тұрғысынан алғанда сыртқы шолу және ішкі академиялық басқару процестері сапа, қаталдық және адалдыққа кепілдік беру үшін барлық кредиттік пәндерге баса назар аударады. Мықты академиялық жүйелер академиялық білікті және кәсіби білікті профессорлық оқытушылар құрамы үшін де өзекті болып табылады. Жас мемлекеттерде академиялық зерттеулер мен басқарудың сапасы мәселелері күрделі жағдайда. Балтық республикалары сияқты білім беру жүйесін реформалаудың кейбір табысты мысалдары бар, ол жақта академиялық жүйе толықтай еуропалық стандарттарға негізделген жаңа жүйеге айналды. Біз болашақ зерттеушілер мен басқа да мамандарды осы конференция тақырыбына мақалалар жіберуге шақырамыз.

(3) ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУДІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ДАМЫТУ: БАСШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ

Университеттің маңызды міндеттерінің бірі білім беру болып табылады. Жоғары оқу орындарының ғылыми жетістіктері халықаралық рейтингте негізгі өлшем болып табылады. Университеттер бәсекеге қабілетті және беделді болу үшін ғылыми-зерттеу мәдениетін дамытуы қажет. Бұл тақырып посткеңестік тұрғысынан ең маңызды болып табылады. Біз қатаң жаһандық бәсекелестік жағдайында ғылыми-зерттеу әлеуетін құру және дамыту идеясын талқылау үшін ғылыми-зерттеу орталықтары, жергілікті және шетелдік ғалымдар, көшбасшыларын шақырамыз. Посткеңестік кеңістіктегі мәселелер және шешімдерден бөлек тақырыптағы баяндамалар құпталады.

ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БӨЛІМ: Конференцияны ұйымдастыру комитеті жас зерттеушілерді баяндамаларын арнайы бөлімге жіберуге шақырады. Бұл панель  жас зерттеушілерді Университетті Басқару мәселелерін сыни ойлау тұрғысынан қарастыруды  ынталандыруға бағытталған. Конференцияның кез келген тақырыбына арналған баяндамалар осы арнайы панельге ұсынылуы қажет.

 

Ғылыми баяндамалар 2017 жылдың 10 ақпанына дейін қабылданады.

Баяндамалар 2017 жыл 10 ақпанға дейін электронды пошта арқылы жіберілуі тиіс. Бірнеше авторлар болса, барлығының аты-жөндері көрсетілуі қажет.

Қатысу жарнасы: 45 АҚШ доллары (15 000 теңге).

Төлем кофе-брейктер, түскі ас және конференция материалдар жинағын қамтиды.

Жол және тұру шығындарын қатысушылардың өздері өтейдi.

Төлем мәселелері бойынша ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз.

БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  1. Өзектілігі. Тезистер академиялық адалдық және басқару саласындағы маңызды теориялық және практикалық мәселелерді қамтуы тиіс.

Б. Зерттеу ауқымы. Аймақтық және халықаралық деңгейлерде зерттеушілер мен практиктерді қызықтыратын тезистерге  артықшылық беріледі.

  1. Жүйелілік. Тезистер теориялық және/немесе практикалық қолдану бойынша ұсыныстарды көрсете отырып, қисынды құрастырылған, ағылшын тілінде жазылған болуы тиіс.

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІШ БЕРУ

Қатысуға өтінімді мына электрондық пошта мекен-жайына жіберу керек conference2017@hse.kazguu.kz

Өтініште мынадай мәліметтер болуы тиіс:

  1. Аты-жөні, лауазымы.
  2. Баяндама атауы және бес негізгі сөздер.
  3. Баяндама санатын таңдаңыз:

а. Кейс – стадии

б. Үдерістегі ғылыми-зерттеу жұмысы (Сіздің зерттеу әдістеріңізді қоса    алғанда)

в. Аяқталған зерттеу жұмысының баяндамасы

г. Әдебиет шолуы

д. Тұжырымдамалық жұмыс

е. Басқа

  1. Баяндамаңыз конференция қай тақырыбына сәйкес екенін таңдаңыз:
  • УНИВЕРСИТЕТ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЖӘНЕ ІШКІ ФУНКЦИЯЛАРЫ
  • СЫРТҚЫ ТЕКСЕРІС ЖӘНЕ ОҚУ ҮДЕРІСІН ІШТЕЙ БАСҚАРУ
  • ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУДІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ДАМЫТУ: БАСШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ
  1. Аннотация (100ден 250 сөзге дейін)
  2. Ескерту: Жас ғалымдар баяндамасы жас зерттеушілерге арналған бөлімге жіберілуі қажет.

МАҢЫЗДЫ НЕГІЗГІ КҮНДЕР

  • Қатысу үшін өтініш берудің соңғы мерзімі: 10 ақпан, 2017 жыл
  • Қатысу үшін өтініштердің қабылданғаны туралы хабарлама: 28 ақпан, 2017 жыл
  • Тіркелу жарнасы: 20 наурыз 2017 жыл
  • Бағдарламаның соңғы нұсқасын бекіту: 28 наурыз 2017 жыл
  • Баяндаманың толық мәтінін жіберу: 20 сәуір 2017 жыл

Конференцияның өтетін күндері: 19-20 мамыр, 2017 жыл.

Конференцияның сайты: http://hse.kazguu.kz/en/conference/

Өткізілетін орны: КАЗГЮУ Университеті мен Назарбаев Университеті. Университеттер Қазақстанда, Астана қаласында орналасқан.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫНЫҢ КООРДИНАТОРЛАРЫ

Баяндаманың бірінші бетінде тақырыптық бағыттардың санын көрсетіңіз.

# Бағыт атауы Төраға Байланыс мәліметтері
1. Университет басшылығының сыртқы және ішкі функциялары Лоретта О’ Доннел, B.A. (Hons), Dip. Ed., MBA, PhD,

Назарбаев университеті

 

loretta.odonnell@nu.edu.kz
Дильбар Гимранова,  MBA, MPhil

КАЗГЮУ Университеті

d_gimranova@kazguu.kz
2. Сыртқы тексеріс және оқу үдерісін іштей басқару Дункан Престли, B. Sc., Dip. Teach., PhD,

Назарбаев университеті

 

duncan.priestley@nu.edu.kz
Галым Махметжанов, PhD,

КАЗГЮУ Университеті

g_makhmejanov@kazguu.kz
3. Ғылыми зерттеуді жоғары деңгейде дамыту: Басшылықтың рөлі Лоретта О’ Доннел, B.A. (Hons), Dip. Ed., MBA, PhD, Назарбаев университеті

 

loretta.odonnell@nu.edu.kz
Икболжон Корабоев, PhD,

КАЗГЮУ  Университеті

i_qoraboyev@kazguu.kz