2004 жылдың тамыз айында КАЗГЮУ Университетінде Экономикалық пәндер кафедрасы, ал 2005 жылдың 5 тамызында – Экономика және бизнес факультеті құрылды. Ашылған кезде факультеттің құрамына «Экономика және менеджмент» және «Қаржы және статистика» кафедралары енгізілді.

Кейіннен 2012 жылдың 14 шілде күні Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі құрылды, ал 2014 жылдың қыркүйегінде ол Экономика жоғары мектебіне өзгертіліп, өзінде «Қаржы, есеп және аудит», «Экономика, менеджмент және туризм», «Әлеуметтік-психологиялық пәндер» кафедраларын біріктірді.

2015-2016 оқу жылының басында Экономика жоғары мектебінің құрамына «Аударма ісі» кафедрасы енді.

Бүгінде Экономика жоғары мектебі студенттерді мынадай мамандықтар бойынша дайындайды:

  • 5В050600 «Экономика»;
  • 5В050900 «Қаржы»;
  • 5В050800 «Есеп және аудит»;
  • 5В050700 «Менеджмент»;
  • 5В090200 «Туризм»;
  • 5В050300 «Психология».

Қазіргі уақытта ЭЖМ экономика, қаржы, есеп және аудит, менеджмент, туризм, психология және аударма ісі саласында сапалы білімді ұсынуда. Дүниежүзілік білім беру кеңістігіне интеграциялау, қызметшілердің кәсіби дамуы және сыни ойлау қабілеті бар әрі ақпараттық ағымдарда бағдар табуға қабілетті мамандарды даярлау мақсатында жұмыс берушілермен тиімді әрекеттесу арқылы оқу бағдарламаларының академиялық сапасы жетілдірілуде. 2019 жылы КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебі әлемдік деңгейдегі білім беретін және Қазақстан нарығы жүз пайызға талап ететін түлектерді дайындайтын Қазақстанның көшбасшы бизнес-мектебінің біріне айналады.