Корпоративтік даму және мансап орталығы – студенттердің, түлектер мен жас мамандардың жұмысқа орналасуына көмектесетін ақпараттық алаң, оның төңірегінде олар жұмысты іздеудің тиімді әдістері, жұмыс берушілермен тілдесу, еңбек қатынастары және мансап мәселелері, түйіндеме мен ілеспе хаттарды жазу және әңгімелесуден өту бойынша консультацияларды алады.

Экономика жоғары мектебінің Корпоративтік даму және мансап орталығы студенттердің кәсіби дамуына және сыни ойлау қабілеті мен жоғары академиялық деңгейі бар мамандарды даярлау мақсатында жұмыс берушілермен және басқа да мүдделі тұлғалармен тиімді ынтымақтастыққа жағдай жасайды.

ЭЖМ КДМО негізгі міндеттері:

  • студенттер мен түлектерге жұмысқа орналасуға және мансапты дамытуға көмек көрсету;
  • оқу және дипломның алдындағы тәжірибені ұйымдастыру;
  • ғылым әлеуетін бизнес-ортада пайдалану мақсатында білімнің бизнес-ортамен бірігуі (Бизнес Консультациялық кеңес);
  • еңбек нарығындағы сұраныс құрылымын болжамдау;
  • студенттерге түйіндемені, ілеспе хатты жазуға көмектесу;
  • әңгімелесуге даярлау.

ЭЖМ КДМО функциялары:

    • ЭЖМ студенттері мен түлектері үшін жұмысқа орналасу, тағылымдама мен тәжірибеден өту мүмкіндіктерін кеңейту үшін отандық және шетелдік компаниялармен жұмысты ұйымдастыру;
    • ұйымдармен және мемлекеттік органдармен өзара тиімді шарттарда ынтымақтастық туралы шарттарды (меморандумдарды) жасасу;

  • ASteptoGraduate бағдарламасын ұйымдастыру;
  • студенттердің әлеуетті жұмыс берушілермен кездесулерін ұйымдастыру;
  • түлектер бойынша мониторинг жүргізу және ЭЖМ Түлектері Клубының кездесулерін ұйымдастыру.

Байланысу деректері:

Кристина фото — копия

Кристина Мацалак
Байланыстар саласындағы магистр
Корпоративтік даму және мансап орталығының директоры
E-mail: k_matsalak@kazguu.kz
Тел.: + 7 (7172) 70 28 49
кеңсе 204 А