Ынтымақтастық және рекрутинг орталығы 2016 жылдың кыркүйегінде оқу процесі мен зерттеулерді интернационалдандыру стратегиясын дамыту аясында құрылды. Біз Экономика жоғары мектебінің үш бағытын ілгерілету бойынша жұмысты жүргізудеміз: халықаралық ынтымақтастық, дарынды студенттердің рекрутингі және мектептің беделін көтеру.

Орталық ЭЖМ-ға оқуға түсуге шешімді қабылдау кезінде және кейіннен оқу барысында талапкерлер мен студенттердің әлеуетін нығайтуға көмектеседі, халықаралық академиялық оралымдылық және қос диплом бағдарламаларына қатысу үшін алуан түрлі гранттар мен стипендияларды ұсынады, мектептің әр түрлі PR-жобаларына студенттердің қатысуын қолдайды. Сондай-ақ Орталық оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мен ұтқырлығын дамыту мақсатында шет елдерінің үкіметі қаржыландыратын академиялық оралымдылық бағдарламаларына, нақтырақ айтқанда, Эрасмус+, Fullbright, ITEC және т.б. жобаларға қатысу үшін өтінімдерді береді.

Орталықтың міндеттері:

  • ЭЖМ студенттері мен оқытушыларының белсенді шетелдік оралымдылығын қамтамасыз ету;
  • Шетелдік профессорлар мен студенттерді тарту;
  • КАЗГЮУ Университетінің ЭЖМ беделін арттыру;
  • ЭЖМ PR-жобаларын үйлестіру және ұлттық әрі шетелдік БАҚ-пен ынтымақтастық;
  • ЭЖМ-да оқу үшін талапкерлердің сапалы жиналуын арттыру.

Орталықтың функциялары:

      • Ынтымақтастық, алмасу және қос дипломды білім туралы шарттарды жасасу (MoU, Erasmus+, қос дипломды бағдарламалар);
      • Мектеп туралы хабардар етушілікті арттыру мақсатында ЭЖМ PR-жобаларына қолдауды қамтамасыз ету;
      • Мектеп туралы хабардар етушілікті арттыру мақсатында ЭЖМ PR-жобаларына қолдауды қамтамасыз ету.