ЭЖМ түлектерінің клубтық картасы

Құрметті ЭЖМ түлектері!

Экономика жоғары мектебінің түлектер клубы – түлектердің, студенттердің, оқытушылардың және мектеп әкімшілігінің бірлескен қызметі негізінде құрылған ерікті қоғамдық бірлестік.
Түлектер клубының мүшелеріне түлектерге арналған арнайы клуб картасы беріледі.
Карта иесі келесі мүмкіндіктерге ие:
1. КАЗГЮУ Университетінің ғимараты;
2. КАЗГЮУ кітапханасы;
3. Тренажерлық зал;
4. Экономика жоғары мектебінің іс-шараларына (ғылыми конференциялар, презентациялар, қонақ дәрістері, тренингтер, семинарлар, түлектердің кездесулері);
5. КАЗГЮУ Университеті аясында өткізілетін концерттерге, сондай-ақ КАЗГЮУ студенттер қатарына қосу іс-шарасына.
ЭЖМ түлектері клубының мүшелері үшін 4-қабатта орналасқан тренажерлық залдың жұмыс кестесі:
Дүйсенбі: 17:30-19:00
Сәрсенбі: 17:30-19:00
Жұма: 17:30-19:00

Клубқа қосылу