Халықаралық ғылыми форум «АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ:  ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛЕШЕГІ. ОЗЫҚ ТӘЖІРИБЕ»


Іс-шараның бағдарламасын жүктеу


Тезистер жинағы


Брошюра


Презентация (1 күн)


Презентация (2 күн)

КАЗГЮУ Университеті, Назарбаев Университеті және Экономикалық зерттеу институтымен бірлесе отырып 2016 жылдың 19-20 мамырында «Академиялық адалдық: өзекті мәселелері мен келешегі. Озық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми форум өткізеді.


Форумның мақсаты – инновация және білім беру аясындағы академиялық адалдық саясатын дамытуда зерттеушілермен практиктердің өзара тәжірибе алмасуы үшін халықаралық тұғырнама қалыптастыру.
Форум экономика менқұқықтану саласындағы жетекші халықаралық және қазақстандық зерттеушілерге, практиктер мен сарапшыларға төмендегідей мүмкіндіктердібереді:

  • зерттеушілер мен практиктерді біріктіретін секциялық отырыстарға қатысу;
  • академиялық адалдық мәселелері мен келешегін талқылау;
  • академиялық адалдық саясатын дамыту үшін үздік тәжірибемен бөлісу.

Форум келесі секциялардан тұрады:
1. Орта және жоғары оқу орындарындағы академиялық адалдық (Назарбаев Зияткерлік Мектептері, Назарбаев Университеті және КАЗГЮУ Университеті);
2. Академиялық адалдық және халықаралық аккредиттеу;
3. Академиялық адалдық және іскерлік әдеп;
4. Академиялық адалдықтың заңды негіздері;

Форум қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді.
Шақырылған қонақтар: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі мен кәсіпкерлердің ұлттық палата өкілдері, халықаралық және ұлттық аккредиттеу агенттіктері, ұлттық министрлік ведомстволық бағынысты ұйымдар, отандық және халықаралық зерттеушілер, білім саласындағы халықаралық зерттеушілер, білім мекемелеріндегі барлық басшылар, университет және мектеп өкілдері. Орта мектеп оқушыларының және жоғары оқу орындарының студенттерінфорумға қатысуларын қалаймыз.

Форум регламенті: Өтетін орны: КАЗГЮУ Университеті

19-20 мамыр 2016 ж. Кіріспе секциясы. Секция отырыстары. Қорытынды

Форумға қатысу тегін
Секция қатысушаларына презентацияларды немесе баяндамаларды 10-15 минут мөлшерінде дайындауға кеңес беріледі.

Форумға қатысу үдерісі
Форумға қатысу үшін 2016 жылдың 4 мамырына дейін өтінім мен келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • жаңартылған түйіндеме (лауазымы, жұмысқа кірген уақыты, қызметтің қысқаша сипаттамасы);
  • ұсынылатын презентациялардың/сөйлейтінсөздерініңаңдатпасы.

Тындаушы ретінде қатысушыларға тек Форумға қатысу өтінімін көрсетілген мерзімге дейін университет вебсайтында онлайн толтыру немесе келесі электронды пошталарына conference@kazguu.kz немесе z_baizhanova@kazguu.kz жіберу керек.

Анықтама үшін байланыс:
КАЗГЮУ Университеті, 206-кеңсе, тел. +7 717 2702849 (Мадина) немесе+7 717 2703047 (Зарина), conference@kazguu.kzorz_baizhanova@kazguu.kz

Қысқартулар қарастырылмайды.