Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов КАЗГЮУ-да дәріс оқыды

2016 жылдың 5 қазанында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Қажыманұлы Асанов Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасының қонақ спикері, КАЗГЮУ Университетінің құрметті қонағы болды.

Жақып Қажыманұлы студенттерге «Көшбасшылық және реформа» атты тақырыпқа дәріс оқыды.

Бас Прокурор студенттік жастардың алдында сөз сөйлегенде, егемендікті алудың, мемлекеттік шекараны бекіту мен жаңа елорда Астана құрылысының ерекше тарихи маңыздылығын белгілеп, жастарды еліміздің осы баға жеткісіз құндылықтарын сақтауға шақырды. Дәрісін «Көшбасшылық және реформа» атты тақырыбына арнап, Жақып Асанов өзінің студенттік өміріндегі қызықты оқиғалар және еңбек қызметі жайлы әңгімеледі.

Сондай-ақ спикер прокуратура органдарына кадрларды іріктеуге жаңа әдістері туралы айтып берді және «Прокуратураға – ең үздік кадрлар!» бос орын лауазымы конкурсында ең үздік нәтижелерді көрсеткен бес КАЗГЮУ түлегінің есімдерін атады (Шамиль Кусиев, Азамат Өмірсеріков, Максат Толыбеков, Розика Салимова және Мунира Бейсенова).