Tourism and English for EXPO-2017

10 қазан күні Экономика жоғары мектебі “Tourism and English for EXPO-2017” форумын ұйымдастырды, оның басты мақсаты – ЭКСПО – 2017 қатысушылар және мүдделі тұлғалар арасындағы ынтымақтастық үшін алаң құру.

Форумға «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компанияның, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Астана қаласы әкімдігінің, Литва Республикасы, Франция, Сауд Арабиясы, Нидерланды, Индонезия және Македония секілді мемлекеттердің Қазақстан Республикасындағы елшіліктерінің өкілдері қатысты.  

Форум барысында қатысушылар Астанада туристік саланы дамыту болашағын және алдағы ЭКСПО-2017 көрмесін жоғары деңгейде өткізу үшін ағылшын тілін жетілдіру мәселелерін талқылады.

Көптеген спикерлердің айтуынша, ең басты мәселе – барлық емес мамандардың ағылшын тілін жетік меңгеруі. Бәсекелі ортада бірнеше шет тілдерін меңгеру түйінді шарттардың бірі болып табылады. Сондықтан қатысушыларға шет тілдерін меңгеру қажеттілігі туралы айтылды.

Форумның соңында ҚР Қаржы министрлігінің, туристік және аударма агенттіктерінің, Қазақстан волонтерлер альянсының қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Форум спикері Сауле Бөлебаеваға, “Астана ЭКСПО-2017” ҰҚ алға жылжыту және туризм департаментінің менеджері Марат Иғали, ҚР ИДМ Туризмді дамыту департаментінің директорына, Adomas Davalga, Литва Республикасының ҚР-дағы Елшілігінің өкілі Thomas Huet, Францияның ҚР-дағы Елшілігінің өкіліне, Қайрат Садвакасовқа, ҚР ИДМ Туризмді дамыту департаменті директорының кеңесшісіне, Camille Paineau, «La Rochelle School of Tourism» мектебінің өңірлік даму директорына, Амантай Абиловқа, «Астана Конвеншн Бюро» ЖШС-інің өкіліне және Маржан Траисбаеваға, «Визит Казахстан» ЖШС-інің өкіліне алғыс білдіреміз.