Әйгілі PR-маман және журналист Әлішер Елікбаевпен кездесу

2016 жылдың 15 қазанында Көшбасшылықты Дамыту Бағдарламасы аясында танымал  PR-маман және журналист Әлішер Елікбаевпен кездесу өтті.

Кездесу барысында Әлішер өзінің жобалары, телевизия мен журналистикадағы жұмыс тәжірибесі, қазақстандық білімге деген көзқарасы, қара PR-дың маңызы жайында әңгімеледі, сондай-ақ маркетолог пен PR-маманы жұмысындағы айырмашылықтарды белгіледі, кәсіби және жеке ақыл-кеңестерін берді.

Әлішер КАЗГЮУ Университетіне режиссер-документалист, оператор, фотограф, Қазақстан бойынша экспедицияларға қатысушы Қанат Бейсекеевпен бірге келді. Студенттеріміз сол сәтті пайдаланып, Қанатқа Қазақстан киносы және киноиндустриясы туралы сұрақтарды қойды.

Әлішер мен Қанатқа қызықты әңгіме және бөлген уақыттары үшін алғысымызды білдіреміз!

Кездесу трансляциясын Facebook-та мына сілтеме бойынша көре аласыздар.