Mascot Party 2016 – Экономика жоғары мектебі өзінің 11-жылдығын атап өтті

Осыған байланысты 3 желтоқсан күні Экономика жоғары мектебінің студенттері мен түлектері, оқытушылары мен қызметшілері бұл оқиғаны атап өту үшін бас қосты.  Кештің тақырыбы Феникс нысанындағы Mascot болды, оның идеясының авторы 4-курс студенті Айвар Құрманов және дизайн авторы 4-курс студенті Ақжан Рымжанов болып табылады.

ЭЖМ деканы Дильбар Гимранова студенттерге КАЗГЮУ Университетінің «Студенттерге арнау-2016» іс-шарасын дайындауға белсенді қатысқаны үшін алғысхаттарды табыстады. Содан кейін салтанатты түрде Экономика жоғары мектебінің басшылығына Кубок тапсырылды.

Кештің соңында қонақтар Феникстің суреті салынған мерекелік торттан дәм татып, көңілді би биледі.

«You are the best! Mascot Party оқу бағдарламасына енгізуге болады. Барлығы  Project Managent, Promotion and Event Management қағидалары бойынша жасалды. Go Phoenix!» – Дильбар Гимранова, Экономика жоғары мектебінің деканы.