Бейжің технологиялық университетінде (Қытай) «Экономика» мамандығы бойынша оқу үшін 5 студентті іріктеу конкурсы

Қытайдың жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық аясында КАЗГЮУ Экономика жоғары мектебі «Экономика» мамандығының студенттеріне бір семестр бойы Бейжің технологиялық университетінде ағылшын тілінде алмасу бағдарламасы бойынша оқуды ұсынады. Қабылдайтын университеттің сайты:  http://english.bit.edu.cn/

Іріктеу шарттары:

  • 3-тен төмен емес GPA;
  • B1-B2 деңгейінен төмен емес ағылшын тілін меңгеру;
  • 2 және 3-курс студенттері  

Өтініштер мен транскрипт қабылдау мерзімі:

2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін, 213-каб.

Толық ақпарат алу үшін: Ботагоз Жанбекова

ЭЖМ Ынтымақтастық және рекрутинг орталығы, 206-каб.

b_zhanbekova@kazguu.kz

+7 7172 70 28 49

+7 702 913 03 76