АССА КАЗГЮУ Университетінің Экономика Жоғары Мектебін аккредиттеді

КАЗГЮУ Университеті Экономика Жоғары Мектебінің «Қаржы» және «Есеп және аудит» мамандықтары университеттерге қойылатын барлық 9 емтиханнан АССА-ның толық аккредиттелуіне ие болды.

АССА біліктілігін бүкіл әлем мойындайды және оның иегерлері шетелде жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болып, еңбек нарығында әрқашан қажетті болатындығына сенімді бола алады (бүкіл әлем бойынша 7000 аккредиттелген жұмыс беруші).

АССА-ның берген білімі мен тәжірибесі түлектерге жұмыста табысты болуға көмектеседі және экономиканың кез келген секторында қаржы, есеп, аудит, менеджмент саласындағы көптеген бос орын лауазымдарын таңдауға мүмкіндік береді.

Оған қоса, АССА-ға мүшелік тұрақты кәсіби даму және кәсіптік қоғамдастықтың өміріне белсенді қатысу мүмкіндігін табыстайды.