Экономика мектебінің «The Phoenix» атты студенттік газетінің екінші шығарылымы

16 ақпанда Экономика жоғары мектебінің алғашқы студенттік газетінің екінші шығарылымы жарық көрді. Газеттің бұл нөмірінде тілшілеріміз көкейлеріңізді мазалаған барлық сұрақтарға жауаптарды дайындады. Бұл шығарылымды халықаралық деп атауға болады, себебі командамыз оны әлемнің түкпір-түкпірінде жүріп дайындады. Егер сіз Еуропаны қарапайым адамның көзімен көргілеріңіз келсе, тәжірибеден өту үшін қайда бару керек екені және оның пайдасы жайында білгіңіз келсе, университеттің ең атақты жұптары туралы оқығыңыз келсе, әдемі суреттерді тамашалағыңыз келсе, гитара үйренуге, өзіңіздің кәсіби мүмкіндіктеріңізді кеңейткіңіз келсе, онда «The Phoenix» екінші санын оқыңыз! Газеттің электрондық нұсқасы мына сілтеме бойынша:

The Phoenix