Бүгін КАЗГЮУ Университетінде «Understanding Iran» семинары өтті

Наварра Университетінің (Испания) профессоры, PhD Tourism Planning Ahmadreza Sheikhi КАЗГЮУ Университетінің студенттерімен кездесті. Іс-шараны КАЗГЮУ-дың Экономика жоғары мектебі Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

«Understanding Iran» тақырыбына арналған кездесу аясында бизнес және туризм саласында екі елдің арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің экономикалық әлеуеті туралы баяндамалар тыңдалды. “Туризм” мамандығының студенттері көптеген сұрақтарды қойып, жақын болып көрінгенімен, қазақстандықтарға әлі беймәлім Иран өмірінің көптеген аспектілері жайында қызығушылықтарын білдірді. Семинардың соңында қатысушылар қонақжайлылық, тату көршілік пен сыйластық дәстүрлеріндегі Иран мен Қазақстанның мәдени құндылықтарының және төл мәдениет пен ата салтын сақтап қалуға ниеттерінің ұқсастығын белгіледі.