«Bolashak Business Competition» бизнес-кейстерді шешу бойынша «Team Phoenix» үздік болып танылды

28 сәуірде Алматы менеджмент университетінде ақтық мәреге өткен 12 команданың ішінде «Team Phoenix» командасы ең үздік болып танылды. КАЗГЮУ Университеті Экономика жоғары мектебінің «Team Phoenix» командасының қатысушыларын – Дина Алтыбасарованы, Назгуль Абишеваны, Руслан Досмаиловты, Айвар Курмановты Алматы қаласында өткен «Bolashak Business Competition» бизнес-кейстерді шешу бойынша халықаралық зияткерлік ойынның финалында жеңімпаз атануымен және іс-шараның әріптесі – «Экотон+» АҚ-ның үш жүз мың көлеміндегі ақшалай сыйлығымен құттықтаймыз.

Қазақстан мен Ресейдің, Өзбекстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындарының студенттерінен түскен 67 өтініштен McKinsey Global Institute және Almaty Management University сарапшылары ақтық мәреге қатысатын 12 үздік команданы таңдады.

Студенттерімізді жеңіспен құттықтаймыз!