ASTANA ECONOMICS OLYMPIAD ІІ турының қорытындысы жарияланды

Бұл олимпиаданы Экономика Жоғары Мектебі ұйымдастырды. Қатысушылар бюджеті тым төмен startup-ты іске қосу жобасын табыс етті. Мектеп оқушылары Team name, Team work, Delivery, Visual aids критерийлері бойынша бағаланды. Балалар олимпиадаға жете дайындалғанын, ойлау жасампаздығын, шығармашылық қызығушылықты, командалық рух пен аналитикалық қабілеттерін көрсете білді.

1-орын мен стипендияға ие болғандар: «Kades» командасы – Диана Замураева (51-мектеп), Каламкас Кульчинбаева (Зерде), Аружан Муратова (50-мектеп), Сая Жагпарова (15-мектеп), Ерлан Оразов (72-мектеп).

2-орын: «Ағартушылар» командасы – Азамат Каныш (72-мектеп), Мурат Жанакулов (9-мектеп), Карлыгаш Есимова (5-мектеп), Данияр Токсанбаев (15-мектеп), Даяна Оспанова (31-мектеп). «Enchante» командасы: Сунгат Ханхожин (31-мектеп), Лұқбек Дүйсенбеков (Зерде), Гүлназ Ермек (56-мектеп), Данара Мубарак (66-мектеп), Нұрбибі Алтаева (64-мектеп).

3-орын: «KazLink» командасы – Дана Саутбекова (31-мектеп), Алишер Амирбеков (5-мектеп), Даулет Ташкенбай (9-мектеп), Бауыржан Батырбалинов (28-мектеп). «Delivers» командасы: Алибек Абдеков (Зерде), Әділ Бәкен (Зерде), Жанель Пернебек (31-мектеп), Алина Ризабекова
(75-мектеп).

Экономика Жоғары Мектебінің басшылығы атынан қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтары табысталды.