«The Phoenix» студенттік газетінің төртінші шығарылымы

 

2 мамырда Экономика Жоғары Мектебінің «The Phoenix» студенттік газетінің төртінші шығарылымы жарық көрді.

Газеттің бұл нөмірі осы оқу жылында жарық көретін соңғы шығарылым болғандықтан, тілшілеріміз өткен академиялық жылдың қорытындысын шығаруға және Экономика жоғары мектебі мен оның студенттерінің жетістіктері туралы айтуға бел буды.

Еске сала кетейік, осы жылы ЭЖМ студенттері ең беделді сайыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері мен қатысушылары болды:  «Bolashak Business Competition» бизнес-кейстерді шешу бойынша халықаралық зияткерлік ойыны,  «CFA Institute Research Challenge», «CIMA Business Challenge Kazakhstan 2017», «KIMEP CUP», «EY Accounting Case Competition», жоғары оқу орындарының арасындағы аудару бойынша конкурстары және ғылыми конференциялар. Сондай-ақ студенттерімізКонрадаһ Адэнауэр атындағы стипендия және SUSI көшбасшы-студенттері үшін АҚШ институттарының бағдарламасы секілді халықаралық стипендиялардың иегерлері атанды.

Студенттердің белсенділігі тек жеке өз мақсаттарына қол жеткізуімен шектелмейді, олар өз курстастары мен достарын алуан түрлі емтихандарды табысты тапсыруға дайындау бойынша консалтингтік жобаларды іске асыруда. Студенттердің осы игі бастамасы – КАЗГЮУ-дың «PHOENIX» студенттерді даярлау орталығы деп аталады.

Сондай-ақ 9 мамыр қарсаңында ата-бабаларымыз сыйлаған ұлы мұра – Өмір мен оның Мүмкіндіктері жайлы ескерткіміз келеді. Тыл ардагерінің әңгімесі ешкімді де бейжай қалдырмайды.

Сонымен бірге осы нөмірде түлектеріміз бөліскен құпияларға және оқытушыларының ақыл-кеңестеріне ерекше орын бөлінді.

Осы және тағы да басқа көптеген жаңалықтар жайында мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Газеттің қағаз нұсқасы ЭЖМ директоратында және кітапханада тегін таратылады.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша thephoenix@kazguu.kz электрондық мекенжайына жолығуыңызды сұраймыз.