«ThePhoenix» студенттік газетінің арнайы шығарылымы

Screenshot

5 мамыр күні «The Phoenix» газетінің арнайы нөмірі жарық көрді. Бұл шығарылым КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебінің төрт мамандығының CIMA (Chatrered Institute of Management Accountants) аккредиттелуін алуына арналған. Айта кетерлігі, біздің білім ордамыз осы аккредиттеу рәсімінен өткен Қазақстандағы жалғыз оқу орны болып табылады. Сапа сертификаты төрт жылға берілді (2017-2021 жылдары). Демек, енді Есеп және аудит, Қаржы, Экономика және менеджмент мамандықтарының студенттері жоғары білім туралы дипломмен бірге  CIMA Operational Level сертификатын алу мүмкіндігіне ие болды және олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.

Сондай-ақ осы шығарылымда іс-шараның әріптесі – «Экотон+» АҚ компаниясының президенті Константин Машанскийдің өзі табыстаған үш жүз мың теңге көлеміндегі ақшалай қордың иегерлері, конкурс жеңімпаздары «Bolashak Business Competition» бизнес-кейстерді шешу бойынша халықаралық зияткерлік ойынның барлық қыр-сырларымен бөліседі.«Team Phoenix» командасының мүшелері Айвар Курманов, Руслан Досмайыл, Дина Алтыбасарова және Назгуль Абишева оқырмандармен аталған конкурсқа өзінің қатысу тәжірибесімен бөліспекші.

Осы және тағы да басқа көптеген жаңалықтар туралы мына сілтеме бойынша оқыңыздар.

Газеттің қағаз нұсқасы ЭЖМ директоратында және кітапханада тегін таратылады.

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша thephoenix@kazguu.kz электрондық поштаға жазуыңызды сұраймыз.