«Аударма ісі» мамандығының студенттері ҚР СІМ-ге жұмысқа орналасуға ұсыныс алды

КАЗГЮУ Университетінің Экономика жоғары мектебінің «Аударма ісі» мамандығының бітіруші курстағы он үш студентіне Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасының Синхрондық аудару бөліміне жұмысқа орналасуға ұсыныстар түсті.

13 мамыр күні бітіруші курстың студенттері «Жүйелі аударма» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсырды. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының құрамында ҚР СІМ жанындағы синхрондық аударма бөлімінің басшысы Салтанат Конуспаева, сондай-ақ ілеспелі-аудармашылар Таиров Алексей, Мейрам Ислам, Даурен Мурзабеков жәнеЭЖМ Аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Айжан Кашкенова.

Мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша, комиссия төрағасы – Салтанат Конуспаева болашақ мамандарды керемет аудары дағдылары үшін мақтап, он үш студентке өз түйіндемелерін жіберуге және ҚР СІМ жанындағы синхрондық аударма бөліміне сұхбаттасуға келуге шақырды: Жуман Балжан, Избаскан Айгерим, Рахметова Акнур, Сагымбай Айжан, Серикбаева Гаухар, Сабет Аяулым, Хамит Амина, Абдрахманова Валерия, Имаков Султан, Касымова Дана, Раймкулова Арина, Солтамакова Регина, Тасмуканова Сандугаш.

ҚР СІМ-ге жұмысқа орналасу мұқият іріктеудің бірнеше кезеңін қамтиды. Студенттерімізге сәттілік тілейміз және оқытушыларға берген асыл білімдері үшін алғыс білдіреміз!