«ADK project» ЖШС-і консалтингтік компаниясына сарапшы қажет

Құрметті студенттер,

«ADK project» ЖШС-і консалтингтік компаниясына сарапшы қажет.

 

Бос орын туралы

Лауазым атауы: сарапшы-аналитик

Жұмыс тәртібі: толық жұмыс күні (сағат 9.00-18.00), түскі үзіліс: сағат 13.00-14.30, дүйсенбі-жұма.

Жалақы (айлық, теңге): 80 мың беріледі (100 мың есептеледі).

Әлеуметтік пакет: қарастырылмаған.

Іссапарлар: Қазақстанның басқа қалаларына кейде болуы мүмкін, бірақ жиі емес – жылына 2-3 мәрте.

Үміткерге қойылатын талаптар

Жасы: 22 – 35 жас аралығында

Білімі: орта кәсіптік немесе жоғары кәсіптік.

Мамандығы: экономика, менеджмент, маркетинг, заңтану, математика. Сонымен бірге, басқа мамандықтарымен, оның ішінде гуманитарлық мамандықтармен кандидаттарды қараймыз.

Жұмыс тәжірибесі: маңызды емес. Негізгі жұмыс дағдыларын өзіміз үйретеміз.

Тілдерді білу: орыс (міндетті). Басқа тілдерді білгені жөн, бірақ міндетті емес.

Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:

– орыс тілінде өз ойынды сауатты (ауызша және жазбаша) жеткізе білу;

– үлкен көлемді мәтін және сандық ақпаратпен жұмыс істей білу, оның ішінде оны жинау, талдау, қорытынды жасау, ұсыныстарды әзірлеу;

– интернетте ақпаратты іздей білу (статистикалық деректерді іздеу, тапсырылған тапқырып бойынша сайттардың мазмұнын талдау, нормативтік-құқықтық актілердің базасы бойынша іздеу және т.б.);

– баяндамалар, дәрістер үшін презентацияларды жасай білу;

– командада жұмыс істей білу;

–Word, Excel және PowerPoint жақсы пайдалана білу.

Негізгі лауазымдық міндеттер:

– жобалау алдындағы құжаттаманың жекелеген бөлімдерін/кіші бөлімдерін/тарауларын әзірлеу (жазу): бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі, техникалық-экономикалық негіздемелер, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тұжырымдамалары, мемлекеттік инвестициялық жобалардың инвестициялық ұсыныстары.

– компания ұйымдастыратын тренингтер мен семиналарды өткізумен байланысты ұйымдастырушылық мәселелерді жүргізу.

Компания туралы

«ADK project» ЖШС-і – Астана қаласында ҚЭН, ТЭН, МЖӘ тұжырымдамаларын, бизнес-жоспарларды, инвестициялық ұсыныстарды кәсіби әзірлеу мен сүйемелдеу, зерттеу жобаларын іске асыру және оқытушы іс-шараларды өткізу бойынша қызметтерді көрсететін консалтингтік компания. Компания туралы толық ақпаратты сайттан не әлеуметтік желілерден білуге болады.

Ескертпе

Электрондық мекенжайға өз жұмыстарын немесе өз бетінше дайындаған мақалалардың, рефераттар мен өзге мәтін материалдарының үлгілерін жолдаған ізденушілердің бәсекелі артықшылығы болады.