HSE түлектері ҚХР-дың Үкіметтік грантына ие болды

Higher School of Economics “Аударма ісі” мамандығының түлектері Жұман Балжан мен Әсел Бөкенді ҚХР-дың Үкіметтік гранттарының, сондай-ақ Beijing Institute of Technology F.C. (ҚХР, Бейжің қ.), Harbin Engineering university (ҚХР, Харбин қ.) магистратурасында оқу үшін Жібек жолы грантының иегері атануларымен құттықтаймыз және оқуларының табысты болуын тілейміз!
ҚХР-дың үкіметтік гранты және Жібек Жолы гранты студенттің тегін оқуын, тұруын және өзге де қаржы шығындарының өтелуін көздейді, сонымен қатар грант иегерлеріне Higher School of Economics және оның әріптес жоғары оқу орындары арасындағы меморандумдар негізінде магистратура бағдарламасы бойынша оқу уақытында стипендия төленетін болады.