Қазақстанда алғаш рет! ICAEW Экономика Жоғары Мектебінің 7 модулін аккредиттеді

Экономика Жоғары мектебі ICAEW (Англия мен Уэльстің алқабилер бухгалтерлерінің институты) сертификаттау бағдарламасы бойынша 8 модульді аккредиттеу рәсімінен өткерді. ICAEW – жетекші дүниежүзілік кәсіби мүшелік ұйым, бұл ұйым бүкіл әлем бойынша бухгалтерлік есеп, қаржы және бизнес салаларындағы 146 мыңнан астам сертификатталған аудиторларды қолдайды және олардың дамуына бар жағдай жасайды.

Қазақстанда  ICAEW қауымдастығының мүшесі ретінде бар болғаны 7 адам танылған, бұл түлектеріміздің келешегіне зор мүмкіндіктерді тудырады.

Еске сала кетейік, бұл жоғары оқу орны Accounting, Assurance, Business and Finance, Law, Management Information, Principles of Taxation, Financial Management секілді 7 модуль бойынша АСА ICAEW аккредиттелуін алған алғашқы және жалғыз оқиғасы.  

Біз Экономика Жоғары Мектебін жоғары білім сапасының расталуымен құттықтаймыз және түлектеріне табысты болуларын тілейміз!